home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ТАМЫЗ АЙЫНДА АДВОКАТТАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

ТАМЫЗ АЙЫНДА АДВОКАТТАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

ТАМЫЗ АЙЫНДА АДВОКАТТАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ
30.04.2024

29 сәуірде Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы (РАА) 2024 жылғы 29-31 тамызда Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Жақсы» спорт кешенінде адвокаттар арасында кезекті Республикалық Спартакиада өткізу туралы шешім қабылдады. Шараны дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып бірауыздан Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан Жолболов сайланды. Спартакиадаға еліміздің әр өңірінен 300-ден астам адвокат қатысады деп күтілуде.

Жақын арада Қазақстан адвокатары спартакиадасы туралы Ережеге нақтылаушы түзетулер енгізіліп, жарыс түрлері және іс-шараның басқа да ұйымдастырушылық аспектілері анықталады.

Адвокаттарға дайындалып, күш жинап, барлық деңгейде кәсібилігін көрсетуүшін алдағы төрт ай бар.